Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Қазақстан инжиниринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің дәлелденген пара мөлшері - 1 069 917 155 теңге деген шешімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Қазақстан инжиниринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің дәлелденген пара мөлшері - 1 069 917 155 теңге деген шешімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осылайша, жоғарыда айтылған барлық эпизодты ескере отырып, Сұлтанбековтің дәлелденген пара мөлшері - 1 069 917 155 теңге", - делінген сот үкімінде.
Қанат Сұлтанбековке қатысты сот қылмыстық жауапкершілікке тарту және жаза қолдануда мына жағдайларды ескерді:
ол өз кінәсін мойындады және істегені үшін өкініш білдірді, қылмыстық заңбұзушылық тергеу шараларына белсенді көмек көрсету, қылмыстық істің басқа да мүшелерін жауапкершілікке тартуға көмектесу, бұрындары тергеушілер білмеген қылмыстық заңбұзушылықтарды ашып көрсету, кәмелет жасына толмаған балалаларының болуы (2002, 2004 және 2008), бұрындары сотты болмағаны, қызмет еткен жерінен жақсы пікір болуы, мемлекет алдында көрсеткен қызметі үшін (мемлекеттік награда - "Құрмет" ордені), келтірілген залалдың орнын толтыру (10 000 000 теңге және 300 000 доллар қайтарды).
Еске салайық, 2017 жылы 29 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Қазақстан инжиниринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке қатысты сот үкімі шықты.
Сот Сұлтанбековті айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын барынша қауіпсіздендірілген мекемеде өтейді.
Қанат Сұлтанбеков пара алды деген айыппен биылғы қаңтарда сот алдына келген еді. Онымен қатар, тағы сегіз адам сот алдына келген болатын: Мәлік Сыздықов, Мұхтар Қарабеков, Айбек Бектұрғанов, Арсен Төлемісов, Қанат Байқадамов, Гиль Смолински, Мбэрэкрэхим Габдул-Кабиров және Гимран Бисенов.