Сутягинский ісі: судьяға жеті жыл жаза берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сутягинский ісі: судьяға жеті жыл жаза берілуі мүмкін Күлпаш Өтемісова. ©Azattyq.org

Ресейлік кәсіпкер Александр Сутягинскийдің ісі бойынша судья болған Күлпаш Өтемісова жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты. "Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотында 13 наурызда "Ауыр салдарға соқтырған көрінеу әділетсіз сот актісін шығару" бабымен айыпталған судья Өтемісованың ісі бойынша алдын ала сот отырысы жабық жағдайда өтеді", - дейді соттың баспасөз қызметі. Іс бойынша судья - Гүлшахар Шыныбекова. Аталған бап бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және сол қызметті атқару құқығынан үш жылға дейін айыру жазасы қарастырылады. Бұған дейін Сутягинский ісі бойынша судья Өтемісованың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 350-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Еске сала кетейік, ол апелляциялық сот алқасы судьясы бола отырып, ресейлік бизнесменнің үкімін жұмсартқан. 2013 жылдың наурыз айында Сутягинскийге өзінің серіктесі Михаил Гаркушкинді тапсырыспен өлтіруді ұйымдастырғаны және атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын. Бірақ апелляциялық алқа жазаны шартты түрге ауыстырды. Кейін бостандыққа шыққан бизнесменнің қашып кеткені анықталды. Кассациялық сот алқасы апелляциялық алқаның шартты мерзім туралы қаулысының күшін жойып, бастапқы үкімді қалпына келтірді. 6 қыркүйекте істі жүргізген Өтемісова ұсталып, уақытша қамау изоляторына отырғызылды, қылмыстық істі тергеу Бас прокуратураның арнайы прокурорлар департаментіне жүктелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети