26 наурыз 2014 | 14:46

Сутягинскийді босатып жіберген судьяның соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күлпаш Өтемісова.  ©Аzattyq.org Күлпаш Өтемісова. ©Аzattyq.org

Алматыда ресейлік кәсіпкер Александр Сутягинскийді сот залынан босатып жіберген судьяға қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Күлпаш Өтемісова көрінеу әділетсіз сот актісін шығарғаны үшін айыпталып отыр. Өтемісованың апелляциядағы шешіміне сәйкес, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген Сутягинский шартты жаза алған болатын. "Бірінші инстанция үкімінің айқын заңдылығына қарамастан, Өтемісова қорғаушы тараптың көзқарасын саналы және қасақана ұстанған", - деді Алматы прокуратурасының өкілі Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі соттағы басты отырыста. Өтемісованың адвокаты мен оның өзі айыптаулармен келіспейді. Сотталушы Сутягинский ісі бойынша шешім шығарарда оған қысым көрсетілгенін айтады. Сондай-ақ ол шешім қабылдаған кезеңде жұмысы көп болғанын мәлімдеді. "Істі қарау өте қиын болды", - деді Өтемісова, оның адвокаты Александра Попованың айтуынша, бұл жайт оның сот шешімін шығаруына әсер еткен. Еске сала кетейік, Александр Сутягинский өзінің серіктесі Михаил Гаркушкинді тапсырыспен өлтіруді ұйымдастырғаны, сондай-ақ, атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін сотталған болатын. Апелляцияның оң шешімінен соң ол қашып кеткен. Кассациялық сот алқасы Өтемісова шығарған үкімнің күшін жойды. Судьяға қатысты жеке қаулы шығарылып, онда Өтемісованың "сот төрелігін іске асыруда жиналған дәлелдерді дұрыс бағаламау және қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданбау түріндегі өрескел, қасақана заңбұзушылықтарға" жол бергені айтылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 481.61   535.12   5.24 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети