20 қараша 2017 | 13:12

Сүйіктісінің интим суреттері бар смартфонын жоғалтқан астаналықтың басы бәлеге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Астаналық екі тұрғын ер адам мен әйелдің интим суреттері бар смартфон тауып алып, смартфон иесінен Ғаламторда суреттерді жарияламауы үшін 120 мың теңге талап еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың № 2 Есіл аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астаналық екі тұрғын ер адам мен әйелдің интим суреттері бар смартфон тауып алып, смартфон иесінен Ғаламторда суреттерді жарияламауы үшін 120 мың теңге талап еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың № 2 Есіл аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап. 

Үкімге сәйкес, оқиға 2017 жылы тамыздың 20-нан 21-не қараған түні болған. Қаланың екі тұрғыны ұялы телефонды сауда орталығының маңынан тауып алған. Смартфонның ішіндегілерді көріп, олар ер адам мен әйел адамның интим суреттерін тапқан. Жеңіл жолмен ақша табайын деген екеуі әлеуметтік желіде телефонның иесіне шығып 120 мың теңге талап еткен, ал қарсылық білдірген жағдайда суреттерді Интернетке жүктейміз деп қорқытқан. 24 тамызда шамамен 00:30-да ақшаны алу кезінде полицейлер оларды ұстаған. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері смартфонды күдіктілерден тәркілеп, көшірілген суреттерді де тапқан, сонымен қатар әлеуметтік желіде жазысқан хаттарды да анықтаған. Күдіктілер қамауға алынды. 

Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушімен өзара мәмілеге келіп, бас бостандығын айырмауды сұрады. 

"Сотталушылар өзінің заңсыз әрекеттерімен ҚР Конституциясының 18-бабы ("Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар"), 34-бабы ("Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті") және 26-баптың 3-бөлігі ("Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін") бойынша азаматтық құқықты бұзды", - делінген үкімде. 

Сот екі астаналықты алдын ала келісім бойынша топ болып бопсалау қылмысын жасағаны үшін үш жылға шартты түрде соттады және қылмыстық жолмен келген мүлкін тәркілеуді де бұйырды. Сонымен қатар, сот бір сотталушыны жылына 200 сағат жұмыс істеуді міндеттеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети