27 ақпан 2014 | 18:41

Сватовтың елімізге Алтайдан бала әкеліп тұрғаны рас

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Bezformata.ru ©Bezformata.ru

Экстремистік әрекеті үшін күдік келтірілген Алтай Республикасының тұрғыны, Қошағаш ауданының бұрынғы бас имамы Сержан Сватов расында да Қазақстанға бала әкеліп тұрған. Tengrinews.kz тілшісіне мұндай ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының мамандары жеткізді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Сватов балаларды Қазақстандағы қайырымдылық мекемелеріне, пансионаттарға әкеліп тұрған. Ал оларды мұсылман лагерьлерінде тәрбиеледі деген ақпарат расталмады. Күдіктінің өзі жуырда келешекте Қазақстанға көшіп келетінін, мұнда оның ұлы оқып жатқанын айтты. Жақында ол Қошағаш ауданының бас имамы қызметін тоқтатқан. Бас прокуратура мамандары уәкілетті органдар Сватовтың заңға қайшы жасалуы мүмкін әрекеттерінің жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауға бейімделгенін айтты. "Балалардың діни рәсімдерге қатысқаны және дінге оқытылғаны туралы деректер тексеріліп жатыр. Біз Ресейдің Бас прокуратурасынан Қазақстанның құқық қорғау органдары тексеріп отырған жайттарға қатысты материалдарды сұрадық. Өз кезегінде Ресейдің Бас прокуратурасы биылғы қаңтар айында осы фактімен байланысты жекелеген жағдайларды қосымша тексеруді сұрап, біздің атымызға қатынасхат жолдады. Қарастырылып отырған мәселеге байланысты түпкілікті құқықтық баға барлық тексеру шаралары аяқталған соң беріледі", - деді Бас прокуратураның өкілдері. Еске сала кетейік, Сватов өз есімі экстремистер тізімінде пайда болғаннан кейін бас имам қызметінен кетуді ұйғарған. Дегенмен оның кінәсі әлі дәлелденбегенін айта кету керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети