Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ұсталғандар туралы хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ұсталғандар туралы хабарлады © komi-news.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облысында ұсталғандар жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облысында ұсталғандар жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, ұсталғандардың ішінде Алакөл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Артықбаев бар. "Артықбаев бопсалау арқылы жеке тұлғадан Үшарал қаласынан жер телімінің құжаттарын жедел түрде рәсімдеймін деп 150 000 теңге көлемінде ақша алған", - деді Ұлттық бюродағылар.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Өрлеу" Ұлттық орталығының Алматы облысы филиалының оқытушылардың біліктілігін арттыру институтының директоры Х.Дүйсебаев жүйелі және заңсыз түрде үй-жайды жалға бергені үшін ақшалай сыйақы алып келген. "Келісімшартсыз және заңсыз түрде асхананы жалға бергені үшін жеке тұлғадан 200 000 теңге көлемінде пара алған кезінде Дүйсебаевты антикоррупциялық қызметтің өкілдері ұстады", - деді Ұлттық бюро қызметкерлері.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети