Шығыс Қазақстанда ер адам досын карта ойыны үшін қылғындырып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда ер адам досын карта ойыны үшін қылғындырып өлтірді © Nikvesti.com

Шығыс Қазақстан облысында өзімен бірге карта ойнап отырған досының айласын байқап қалған ер адам оны қылғындырып өлтірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында өзімен бірге карта ойнап отырған досының айласын байқап қалған ер адам оны қылғындырып өлтірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, Жезкент ауылының тұрғыны үш танысына хабарласып, біреуінің пәтерінде ақшаға карта ойнау туралы шешімге келеді. Құмар ойынға кіріскен олар ішімдік іше бастайды. Қарсыласының бір картаны жасырып қалғанын көрген үй иесі оны есінен танғанша сабайды. Тұра жүгірген ол танысының ес-түссіз жатқанына қарамастан оны тұншықтырып өлтірген. Қылмыскер өлген адамның денесін үйінен бес метр жерге тастайды. Қылмыстың куәгері болған екі адам құқық қорғау органдарына хабар бермепті.

Сот сараптамасы ер адамның ешқандай құралсыз өлтірілгенін анықтады. ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың шешімімен қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал қылмысты жасырған екеуі бір жылға сотталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети