Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облысында ұсталғандар жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облысында ұсталғандар жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, ұсталғандардың ішінде Алакөл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Артықбаев бар. "Артықбаев бопсалау арқылы жеке тұлғадан Үшарал қаласынан жер телімінің құжаттарын жедел түрде рәсімдеймін деп 150 000 теңге көлемінде ақша алған", - деді Ұлттық бюродағылар.
Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Өрлеу" Ұлттық орталығының Алматы облысы филиалының оқытушылардың біліктілігін арттыру институтының директоры Х.Дүйсебаев жүйелі және заңсыз түрде үй-жайды жалға бергені үшін ақшалай сыйақы алып келген. "Келісімшартсыз және заңсыз түрде асхананы жалға бергені үшін жеке тұлғадан 200 000 теңге көлемінде пара алған кезінде Дүйсебаевты антикоррупциялық қызметтің өкілдері ұстады", - деді Ұлттық бюро қызметкерлері.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.