16 желтоқсан 2016 | 13:34

Сыныпта төбелес болған - сабақ үстінде көз жұмған оқушының туыстары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Астана мектептерінің бірінде көз жұмған Темірұлан Диханбаевтың туыстары оқиға жайында өздеріне мәлім жайларды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана мектептерінің бірінде көз жұмған Темірұлан Диханбаевтың туыстары оқиға жайында өздеріне мәлім жайларды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған кезде сыныпта мұғалім болмаған, дейді баланың ағасы Бауыржан Мусин.

"Жүрек талмасы туралы айтылған сөздер жалған, ол жерде төбелес болған. Біздің ұлды кеудесінен ұрған. Бұл сабақ үстінде болған. Оның жүрегі тоқтап, есін жоғалтып, құлаған. Мен жерлеу күні мектеп директорымен сөйлестім. Бақылау камераларынан видеоны көрдік. Әдебиет сабағы болып жатқан, директордың орынбасары шақырған соң, 12:07-де мұғалім шығып кеткен. 12:12-де төбелес болған. Балалар дәлізге шығып, көмек шақыра бастаған кез тіркеулі", - дейді Бауыржан Мусин.

Оның айтуынша, Астананың Білім басқармасының өкілдері төбелес болғаны туралы бірден білген. Өйткені полиция алғашқы күні-ақ балалардан ата-аналарының көзінше сұрау алғанда, олар төбелес туралы атқан. Олардың берген куәліктері тергеуде бар.

"Ол ауырған жоқ, 14 жыл бойы ол бір рет қана дәрігерге қаралған, сондықтан ол Темірұланның денсаулығы жайында бәрін білетін", - деп атап өтті Мусин.

Сонымен қатар, ол Темірұланға ауырғаны туралы анықтаманың берілуі туралы да айтап берді. Оның айтуынша, бала "жөтеліп" жүрген, оның емдеуші дәрігері сабақтан екі күнге босататын анықтама жазып берген, дегенмен, бұл ауру елеулі болған да жоқ. Ал балақай анықтаманы Екібастұздағы әпкесінің тойына барып келу үшін пайдаланған. 

Оқушының ағасы Темірұлан талып қалғаннан кейін, балалар көрші сыныптағы мұғалімді көмеккке шақырған, кейінірек мектеп психологы мен медбикесі келген.

Істің тергелуі ҚР ІІМ-нің бақылауында екенін және еліміздің бала құқықтары бойынша уәкілі Зағипа Балиева да қолғабыс етіп отырғанын айтады Бауыржан Мусин. 

Айта кетейік, мұның алдында мұғалімдер бала қоңырау шалынған соң өзін нашар сезіне бастады деген болатын. Ал оқушылар арасында ешқандай да төбелестің болмағанын айтқан еді. 

Еске салайық, Темірұлан Диханбаевтың өлімі бойынша 2016 жылдың 30 қарашасында ҚР ҚК 104-бабының 1-тармағы "Абайсызда өлтіріп алу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Өлім себебін анықтау үшін кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети