Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан оқушы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан оқушы қамауға алынды Иллюстрациялық сурет © prokazan.ru

Шымкентте 11-сынып оқушысына күш қолданып, бірнеше рет ақша бопсалаған оныншы сынып оқушысы екі айға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының сотына сілтеме жасап. 

"Шымкенттің Қаратау айдандық ІІБ-ның полиция бөліміне М. Рысбай атты азамат 11-сыныпта оқитын ұлынан 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың ақпанына дейін күш қолданып, ақша бопсалаған №83 орта мектептің 10-сынып оқушысы Т.Н-ге қатысты шара қолдану туралы арыз берген", - делінеген хабарламада. 

Сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-тарауының 1,3-тармақтары бойынша күдікті оқушыға қатысты 2 айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети