Шымкентте бір күнде екі айырбастау пункті тоналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бір күнде екі айырбастау пункті тоналды © Tengrinews

Шымкентте бір күннің ішінде екі айырбастау пункті тоналды, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бір күннің ішінде екі айырбастау пункті тоналды, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Алғашқы тонау әрекеті 17 шілде күні таңғы сағат 08.00 шамасында болды. Шымкенттегі түнгі клуб пен банкте орналасқан айырбастау пунктін бетперде киген екі адам тонаған. Қылмыскерлер бар ақшаны алып кетті.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, тоналған айырбастау пунктінде қауіп-қатер туралы хабар беру батырмасы жоқ, сонымен қатар ақша сақтайтын сейф те болмай шықты. Тонау кезінде қару қолданылмағандықтан ҚР ҚК "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Екінші тонау әрекеті Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында түскі уақытта болды. Қылмыскер кассирді қарумен қорқытқан. Дегенмен кассир еш саспастан қаруды тартып алып, қылмыскерді ұрған. Қан аққаннан кейін қылмыскер қаша жөнелген. Оқиға орнына полицейлер шақырылды. Кей ақпарат бойынша, қылмыскер ресейлік номерлі автомобильмен келген, ал қару ойыншық болып шықты.

Қазір Шымкентте ұстау жоспары жарияланды, қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети