Шымкентте кафедегі атыс кезінде ер адам мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте кафедегі атыс кезінде ер адам мерт болды © otyrar.kz

9 қаңтарда Шымкент орталығындағы атыс кезінде ер адам мерт болды, - деп хабарлайды "Отырар". Куәгерлердің сөзінше, бірнеше ер адам кафеде отырған. Кейін араларында жанжал туып, төбелеске ұласқан кезде араларында біреуі оқ атқан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 қаңтарда Шымкент орталығындағы атыс кезінде ер адам мерт болды, - деп хабарлайды "Отырар". Куәгерлердің сөзінше, бірнеше ер адам кафеде отырған. Кейін араларында жанжал туып, төбелеске ұласқан кезде араларында біреуі оқ атқан. 

Куәгерлер бес рет оқ атылғанын естігенін айтады. Кафедегі өзге адамдар полиция мен жедел жәрдем шақырған. Жарақат алып, көз жұмған ер адамның денесін дәрігерлер кафеден бір квартал жерден - Тәуке хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан тауып алған.  

"9 қаңтарда 05:20-да жедел жәрдем диспетчері атыс туралы хабарлама алды. Біздің 13-ші бригада оқиға орнына аттанды, - дейді жедел жәрдем дәрігері. - Оқиға орнына жеткен кезде біз оң жақ кеудесінен оқ тиген ер адамның денесін тауып алдық. Келіп жеткенімізде ер адам жансыз жатты". Дәрігерлер ер адамды өлімнен арашалап алуға әрекеттенген.

Назар аударыңыз! Бейәдеп сөздер! +18

Мұндай жарақат алған адамның қалайша осынша жер жүріп өткенін полицейлер анықтап жатыр. Көз жұмған 31 жастағы Бауыржан есімді ер адам екені анықталды. Ол Шымкенттің "Сайрам" ауданында тқрған. Қылмыс болған жерде жедел-тергеу  тобы мен сарапшы мамандар жұмыс істеп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети