Шымкентте кәсіпкерді өлтірген киллер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте кәсіпкерді өлтірген киллер ұсталды Фото: otyrar.kz

Шымкентте бизнесменнің өліміне оның әріптесі тапсырыс берген. Бұл туралы қылмысты істеген күдікті ұсталған соң белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бизнесменнің өліміне оның әріптесі тапсырыс берген. Бұл туралы қылмысты істеген күдікті ұсталған соң белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Қалалық ПД Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері 7 қыркүйекте жедел іздестіру шаралары кезінде кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген адамды ұстады. Қылмыс 19 шілдеде кәсіпкердің үйінің маңында болған. Оны өлтірген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. 

Сот күдіктіні қамауға алу жөнінде бұлтартпа шарасын қолданды. 

"Тергеу барысында қылмыс тапсырыспен жасалғаны белгілі болды, қайтыс болған адамның серіктесі ортақ фирманың бюджетінен ірі көлемде ақша жұмсап тастаған. Қылмысқа тапсырыс берген адам биыл 25 шілдеде ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады", - деді департаментте.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. 

Естеріңізге салсақ, қайтыс болған 55 жастағы кәсіпкер арнайы техниканы жалға берумен айналысқан. Оның Lexus көлігін коммуналдық қызметкерлердің киімін киген бір топ адам аңшылық қарумен атып кеткен. 

Желіде осы қылмыстың ықтимал видеосы жарияланған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Внимание розыск! ???? (@rozysk_kz)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети