Шымкентте қыз зорламақшы болған екі ер адамға жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қыз зорламақшы болған екі ер адамға жаза кесілді © РИА Новости

Шымкентте әл-Фараби аудандық соты қыз зорламақшы болған екі ер адамға қатысты үкім шығарды. Жәбірленуші гипермаркетте сатушы болып жұмыс істейтін 25 жастағы қыз болып шықты, - деп хабарлайды "Отырар".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте әл-Фараби аудандық соты қыз зорламақшы болған екі ер адамға қатысты үкім шығарды. Жәбірленуші гипермаркетте сатушы болып жұмыс істейтін 25 жастағы қыз болып шықты, - деп хабарлайды "Отырар".

Сот отырысы жабық режимде өтті. Басылымның мәліметінше, 21 ақпан күні жұмыстан қайтып келе жатқан қызға 20 және 45 жастағы ер адамдар шабуыл жасаған.

Сот мәліметтеріне сүйенсек, екі ер адам осы күні жұмыс іздейді, дегенмен мақсатарына жете алмаған олар кешке қарай ішімдік ішуді жөн көреді. Ақшасы таусылғаннан кейін олардың бірі екіншісіне бірінші кездескен адамды тонауға ұсыныс жасайды. Осыдан кейін олар жолда жас қызға кезіккен, қыздың ақшасы болмағандықтан, оны зорлауға бекініпті.

Қыздың айқайлағанын естіген жүргіншілер екі ер адамның бірін сол жерде ұрады, ал екіншісін полиция жарты сағаттан кейін ұстады. Қызға шабуыл жасағандардың бірі оқиғадан екі күн бұрын тағы бір қызды тонаған екен. Сот олардың бірін жеті жылға бас бостандығынан айырса, екіншісін 6,5 жылға соттады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети