Шымкентте садақа жәшіктерінен ақша ұрланған

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте садақа жәшіктерінен ақша ұрланған © Otyrar.kz

Биыл 29 шілдеде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ұрлық жайтын тіркеді, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 29 шілдеде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ұрлық жайтын тіркеді, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28-нен 29 шілдеге қараған түні белгісіз адам қаладағы дүкендердің біріне қабырғасын бұзып кіріп, 70-ке жуық темекі, кассасынан ақша және садақа салатын 2 жәшіктегі ақшаны ұрлап кеткен. Осылайша дүкен иесіне 50 мың теңгеден астам сомада материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ол Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК 188-бабы 2-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети