Шымкентте сауна атын жамылып, казино ашқандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте сауна атын жамылып, казино ашқандар ұсталды © ga.quickenreservices.net

Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздеу шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласындағы Енбекші ауданында белгісіз тұлғалардың сауна атын жамылып "казино" ұйымдастырғанын анықтады, - деп хабарлайды "Отырар"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздеу шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласындағы Енбекші ауданында белгісіз тұлғалардың сауна атын жамылып "казино" ұйымдастырғанын анықтады, - деп хабарлайды "Отырар"

Бұл үшін ұйымдастырушылар қаладағы сауналардың бірінде ойын залын жалға алып, покер үстелін орналастырып, дилерлерді, кассирлерді жұмысқа алған, олар ойын өткізіп, ақша қаражаттарын алу мен беруді жүзеге асырып отырған. Ұтқан сәтте ақша кассадан төленіп отырған. Электронды казино мен интернет казино қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тиым салынған.

Мекемені қарау барысында 1 миллионнан аса ақша, 247 дана "фишка", покер үстелі, ойын қарталар тәркіленді. Сонымен қатар, ойын залының барының тиісті лицензиясыз сатылып келген арақ-шарап өнімдері тәркіленді.

Қазіргі уақытта алынған аппараттық-бағдарламалық кешендер бойынша техникалық зерттеулер тағайындалды. Осы факт бойынша ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын мекемелері саласындағы кәсіпкерлік қызмет Ақмола облысының Бурабай-Шортанды және Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауында ғана рұқсат етілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети