Шымкентте үш ай бойы ел тонаған қылмыстық топ құрықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үш ай бойы ел тонаған қылмыстық топ құрықталды Фото inform.kz

Шымкентте қала тұрғындарын тонады деген күдікпен үш жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап. Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті олардың 3 ай ішінде жасалған 7 ұрлыққа қатыстылығын анықтаған.

«Абай полиция бөлімінің қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Олар – Төле би, Мақтаарал, Сайрам аудандарының тұрғындары, 1996-1997 жылдары туған жас жігіттер», - деп мәлімденген облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Полиция деректеріне сүйенсек, ұрлықтар бір жүйемен жасалған. Күдіктілер көшеде телефонмен сөйлесіп, жалғыз кетіп бара жатқандарды байқап қалса, оларды қорқытып, телефондарын тартып алған. Егер өз еріктерімен бермесе, жәбірленушілерді ұрып-соққан.

«Ұрланған телефондарды қаскүнемдер әртүрлі сауда нүктелеріне өткізген, түскен қаражатты жұмсап жіберген. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК «Ұрлық» 178 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер құрықталды», - деп баяндалған ІІД хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети