Шымкентте жарысқан автобус жүргізушісі куәлігінен айырылды

Шымкентте жарысқан автобус жүргізушісі куәлігінен айырылды Видеодан кадр

Шымкентте ?зге автобуспен жарыс?ан жолаушылар к?лігіні? ж?ргізушісі ку?лігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аланы? полиция ?ызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте өзге автобуспен жарысқан жолаушылар көлігінің жүргізушісі куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың полиция қызметіне сілтеме жасап.

28 жастағы жүргізуші енді бір жылдан кейін ғана көлік басқара алады: "Жүргізуші Рүстем Тілеуовке қатысты екі әкішілік хаттама толтырылды. Қарсы бағытқа шығып кеткені үшін ол бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді", - дейді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізбей қойған сәтте куәгерлердің көзіне түскен. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Видеода автобустар жарысып, алдағы автобус артта қалғанының шамына тиіп, жол бермейді. Ал видеоның соңғы жағында жүргізушінің қарсы бағытқа шығып кеткені байқалады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама