Шымкентте жасөспірімнің өліміне қатысы бар делінген ер адам Жамбыл облысына қашып кеткен

© tvk-uko.kz

Б?гін, 10 наурызда Е?бекші?аза? ауданды? полиция б?ліміні? ІІБ ?ызметкерлері Шымкенттегі Ворошиловка ауылында бол?ан атыс?а ?атысы бар делінген ер адамды Жамбыл облысы аума?ында ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Ол ?сталып, ?з кін?сін толы?тай мойындап отыр.

Бүгін, 10 наурызда Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің ІІБ қызметкерлері Шымкенттегі Ворошиловка ауылында болған атысқа қатысы бар делінген ер адамды Жамбыл облысы аумағында ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол ұсталып, өз кінәсін толықтай мойындап отыр.

Полицейлердің мәліметінше, атысқа бір-бірімен таныс адамдардың арасындағы жағымсыз қарым-қатынас себеп болған.

"Олардың барлығы Ворошиловка ауданында бір-біріне жақын тұрады. Сондай-ақ, полицейлер атысқа қатысы бар адамдардың барлығын анықтады. Төрт адам күдікті болып отыр. Олардың біреуі бүгін таңертең Жамбыл облысы Қордай ауданында ұсталды. Ол Шымкент қаласының 1991 жылғы тұрғыны, жұмыссыз, осыған дейін қарақшылық жасағаны үшін сотты болған. Кінәсін толықтай мойындап отыр. Полицейлер қалған күдіктілерді ұстауға қатысты шараларды қабылдады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте мектеп оқушысы қаза тапқан орынның жантүршігерлік суреттері мен видеосы жария болған еді.

Бейсенбіде, 9 наурызда сағат шамамен кешкі 17.00-де кеуде қуысына оқ тиген бала Орынбаев медициналық орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Сонымен қатар, бытыралы оқ тиіп, жарақат алған тағы екі адам ауруханаға түскен. Олар 1995 және 1999 жылғы. Екеуінің де жарақаты орта деңгейлі. Қайғылы оқиға болған орынды арнайы қызмет қоршауға алған. Оқиға орнында сарапшы криминалистер жұмыс істеді. Қылмыстық тергеуге жедел-тергеу тобы құрылды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама