Шымкентте мектеп оқушысы қаза тапқан орынның суреттері мен видеосы жария болды

10 Наурыз 2017, 09:23
0
Шымкентте мектеп оқушысы қаза тапқан орынның суреттері мен видеосы жария болды -

TVK телеарнасы мен Otyrar.kz порталы Шымкенттегі Ворошиловка ауылында 14 жастағы оқушының өлтірілген орнын көрсетті. 

Бейсенбіде, 9 наурызда сағат шамамен кешкі 17.00-де кеуде қуысына оқ тиген бала Орынбаев медициналық орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Сонымен қатар, бытыралы оқ тиіп, жарақат алған тағы екі адам ауруханаға түскен. Олар 1995 және 1999 жылғы. Екеуінің де жарақаты орта деңгейлі. Қайғылы оқиға болған орынды арнайы қызмет қоршауға алған. Оқиға орнында сарапшы криминалистер жұмыс істеді. Қылмыстық тергеуге жедел-тергеу тобы құрылды. 


© otyrar.kz/tvk-uko.kz

Ескерту, видеоны психикасы әлсіз адамдарға көруге болмайды! ОҚО ІІД мәліметінше, жасөспірімнің өліміне екі адамның қатысы бар, олар анықталған. Қазіргі уақытта күдіктілер іздеуде жүр. Тергеушілер қылмыстық жақтыртпаушылық қарым-қатынастан болғанын анықтағанын айтып отыр. Ал қаза тапқан баланың күдіктілерге қандай қатысы бары анықталып жатыр екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай