Шымкенттегі оқу орнындағы есірткі притоны - Университет ректоры пікір білдірді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі оқу орнындағы есірткі притоны - Университет ректоры пікір білдірді КТК

Шымкент қаласының Полиция департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спортзалында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Оtyrar.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының Полиция департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спортзалында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Оtyrar.kz тілшісі.

"Аталған жәйтқа қатысты ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігімен яғни, "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Саденова.

Қылмыстық іс тіркелген оқу орнының басшылығы бізге жағдайдың жай-жапсарын жасырмай, баяндап берді. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің ректоры Сандыбай Боранбаевтың айтуынша, есірткі тұтуда пайдаланатын әлгі заттар сондағы волейбол ойынынан дәріс беретін педагог әрі спорт бөлімінің меңгерушісіне тиесілі заттардың арасынан табылған. Ол оқу ордасында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді екен. Бірақ, отбасылы ер адамнан бұған дейін ешбір әбес қылық байқамағанын айтып ақталды.

"Бұл педагог бізде жақсы жұмыс жасады. Бірақ, қылмыс болған күннен 4 күн бұрын жұмыстан кетуі жөнінде өз еркімен арыз жазған. Басшылық тарапынан бұйрық та шыққан. Ал сол ұсталған күні ол университеттің спорт залынан қалған заттарын әкетуге келген екен. Міне, сол сәтте қолға түсіп, құрықталғаны рас. Алайда, ол қазіргі уақытта біздің қызметкер болып саналмағандықтан, біз мұны жауапкершілігімізге ала алмаймыз. Сенесіздер ме, мен бүгінге дейін ол адамның бойынан ешбір жаман қасиет байқаған емеспін. Спирттік ішімдік ішпейтін, темекі де тартпайтын. Мінезі де өте салмақты. Отбасылы адам. Сондықтан, бұл қылмысқа сол барды дегенге еш сенбеймін. Мүмкін емес", - дейді университет ректоры Сандыбай Боранбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети