Шымкенттік әйел енесінен кек алу үшін үйім тоналды деп жалған хабар берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік әйел енесінен кек алу үшін үйім тоналды деп жалған хабар берген

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері енесінен кек алу үшін үйім тоналды деп жалған хабар берген әйелдің қылмысын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкент ІІБ Абай ПБ кезекші бөліміне Қазығұрт ықшамауданында ұрлық болғаны туралы хабар түсті. Жәбірленушінің мәліметінше, үйге бетперде киген үш адам басып кіріп, өлтіреміз деп қорқытып, ақша мен әшекей бұйымдарды алып кеткен. 

Полицейлер күдіктілерді іздеуге кіріскен, соңында жәбірленушінің өзіне шыққан, себебі ІІД мәліметінше, ол қылмыс туралы жалған мәлімет берген. 

"26 жастағы әйел таяуда енесімен ұрысып қалып, кек алу үшін үйім тоналды деп жалған хабар берген. Әйел адам ақша мен әшекей бұйымдарды жертөлеге тығып қойып, үйді әдейі шашып, полицияға ұрлық туралы хабарлаған", - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы ("Көрiнеу жалған сөз жеткiзу") бойынша іс қозғалды. 

2017 жылдың басталысымен ОҚО полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы ("Көрiнеу жалған сөз жеткiзу") бойынша 16 қылмыстық істі сотқа жіберген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети