Тағы жүздеген қазақстандық қаржы пирамидасынан зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тағы жүздеген қазақстандық қаржы пирамидасынан зардап шекті Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қарағанды облысында жергілікті тұрғындар 80 миллион теңге салым салған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жергілікті тұрғындар 80 миллион теңге салым салған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Ақпанда Қарағанды облысында қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметі тоқтады. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18 пайыз және валютамен алты пайыз мөлшерінде жыл сайын табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден аса соманы жеке тұлғалардан жинап алған", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі "қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 180-нен аса жәбірленуші анықталған.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети