Такси жүргізушісін өлтірген қарағандылық 14 жылға сотталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Такси жүргізушісін өлтірген қарағандылық 14 жылға сотталды

Такси жүргізушісін өлтірген қарағандылық 14 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Такси жүргізушісін өлтірген қарағандылық 14 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта қылмыстық іс "кісі өлтіру "және"көлік ұрлау" баптары бойынша қаралды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2022 жылдың қазанында болған.

Сот тергеуі барысында жол жүру ақысын төлеуге байланысты туындаған жанжал кезінде жүргізуші жолаушыны бұрағышпен бетінен ұрғаны анықталды. Осыдан кейін жолаушы пышақ алып, жүргізушіні бірнеше жерінен жарақаттап, ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды. Содан кейін сотталушы таксиді ұрлап кеткен.

"Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді. Прокурор оны айыптаудың екі бабы бойынша да кінәлі деп тануды және 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап соттан сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды және 20 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арызды қанағаттандыруды сұрады", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотталушының адвокаты қорғаушысының іс-әрекетін ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігіне "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" қайта саралауды, ал автокөлікті ұрлау дерегі бойынша ең аз жаза тағайындауды сұрады.

Барлық дәлелдемелерді, айғақтар мен сараптамалардың нәтижелерін зерделегеннен кейін сот сотталушыны төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 14 жыл жазасын өтеуге үкім шығарды.

"Сондай-ақ сотталушыдан жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 10 миллион теңге өндірілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады соттың өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети