24 мамыр 2016 12:27

Таксист студент қызды бұрауыш тығып өлтіріп, денесін скотчпен орап тастаған - ОҚО ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте студентті өлтірді деген күдікпен Сарыағаш ауданының 1990 жылғы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД брифингінен.


Шымкентте студентті өлтірді деген күдікпен Сарыағаш ауданының 1990 жылғы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД брифингінен.

Тергеу басқармасының басшысы Нұриддин Дауылбаевтың айтуынша, қыз кеудесі мен ішіне алған жарақатынан қаза тапқан. "Мәйіт Сарыағаш ауданындағы Бағыс ауылындағы тас жолынан 130 метр жерде табылды. Денедегі мойын, оң қолы және екі аяғы скотчпен маталып, жіптен жасалған белдікпен байланған. Туыстары қызды таныды. Оны көлігімен жеткізген ер адам күдікке ілінді, ол кінәсін мойындап, қызды оның көлігінің бұзылып қалғанына байланысты сөз айта бергенінен өлтіргенін айтып берді", - деді ол.

Оның мәліметінше, күдікті қыздың іші мен кеудесіне бұрауыш құралды төрт рет тығып алған. Қазіргі уақытта 99-бап бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның отбасы бар, екі баласы бар.  

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысында "Халықтар достастығы" университетінің 17 жастағы студенті Әйгерім Оспанбекова 10 мамырда Сарыағаш ауданындағы Жаңатұрмыс ауылынан Шымкентке қарай жолға шығып, қайтып оралмаған. Әйгерімнің ағасының айтуынша, студент қыз жолда жатақханада бірге тұратын көршісіне SMS-хабарлама жазып, Шымкентке кіреберістегі "Колос" жер асты өткелінде күтіп алуын өтініп, жүргізушіден қатты қорқып келе жатқанын білдіреді. Содан бері Әйгерім үйіне де, университетке де келмеген. Ал бүгін оның мәйіті Сарыағаш ауданынан табылғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети