24 мамыр 2023 | 12:09

Талапкерлерді бес миллион теңгеге алдаған алматылық ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 жастағы алматылық талапкерлерді жоғары оқу орындары мен әскери кафедраға түсуге көмектесемін деп бес миллион теңгеден астам ақша жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

21 жастағы алматылық талапкерлерді жоғары оқу орындары мен әскери кафедраға түсуге көмектесемін деп бес миллион теңгеден астам ақша жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл жолы біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері 21 жастағы К. есімді ер адамды ұстады. Жас және көпшіл "маман" алдау және сенімге кіру арқылы қарапайым баюдың тізбегін ойлап тауып, қала тұрғындарының ақшасын иемденді. Қаскөй талапкерлердің өздерінен және ата-анасынан алдын ала ақша алып, университетке түсу кезінде оларға кез келген көмек көрсете алатынын айтып сендірді. Бірақ арам ойымен алдын ала төлемді алған соң, жасырынып қалатын. Алдын ала болжам бойынша, күдікті 5 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.

Қазіргі уақытта ПБ-ның өндірісінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша осыған ұқсас тоғыз эпизод тергеліп жатыр. Күдіктіге қатысты уақытша ұстау изоляторына қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети