23 тамыз 2018 | 12:18

Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары Әсет Шаяхметов сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлажы © Tengrinews.kz фотоколлажы

Талдықорған әкімінің экс-орынбасары Әсет Шаяхметовтің сот ісі басталды. Бұрынғы жоғарғы лауазымды шенеунікке "Пара алу" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" баптары бойынша айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Талдықорған әкімінің экс-орынбасары Әсет Шаяхметовтің сот ісі басталды. Бұрынғы жоғарғы лауазымды шенеунікке "Пара алу" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" баптары бойынша айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басты сот ісі Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандандырылған ауданаралық сотында қарастырылды. Сегіз ай бойы тергеу шаралары жүрген уақытта күдікті үй қамауында болған. 

Қылмыстық іс 32 томнан тұрады. Әкімнің экс-орынбасарын ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") және ҚР 218-бабы 3-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша іс қозғалған.

 ШҚО тумасы Әсет Шаяхметов - 1985 жылғы, білімі - жоғарғы, үйленген, бұрындары сотты болмаған. 

Осыған дейін, Талдықорған әкімдігінің шенеуніктері пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарланған еді.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети