27 қаңтар 2023 | 09:02

Талдықорған тұрғыны әлеуметтік желіге жариялаған жазбасынан кейін ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанпав Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанпав

Талдықорғанда есірткіні жарнамалау және насихаттаумен айналысқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда есірткіні жарнамалау және насихаттаумен айналысқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғандық блогер Сандуғаш Дүйсенова Instagram-дағы парақшасында жүргізуші-курьер ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды жариялады. Белгісіз жұмыс беруші курьер немесе жүргізуші ретінде әр шақырым үшін ақы төленетін "әлсіз есірткілерді" тасымалдау және жасырын қою жұмысын ұсынған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Ақпарат бойынша полицейлер жедел іс-шараларға кіріскен.

"Біраз уақыттан кейін "Бүркіт" арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен Талдықорған тұрғыны ұсталды. Күдікті курьерлер мен есірткі ұстаушыларды іріктеуді ұйымдастырды. Синтетикалық есірткілерді жарнамалау және насихаттаумен айналысқан. Ол қылмыстық әрекетін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тіркелмеген телефон SIM-карталары арқылы жүзеге асырған. Олардың әрқайсын тек бірнеше рет қолданып отырған", - делінген хабарламада.

Күдікті тәулігіне орташа есеппен Қазақстанның барлық аумағы бойынша "курьерлерді", "тасымалдаушыларды", түрлі жұмысшыларды, "өлшеп-ораушыларды", "буып-түюшілерді" жалдау туралы 30-дан 50-ге дейін хабарландыру таратып, күніне 10-ға дейін SIM-карта қолданып отырған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтің айтуынша, ұсталған адамның үйін тінту барысында байланыс операторларының мыңға жуық SIM-картасы, үш телефон және компьютер процессоры алынған.

"Ол SIM-карталарын жақын маңдағы сауда орталықтарындағы ұялы байланыс бөлімшелерінен сатып алып отырғаны анықталды. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау") қылмыстық іс қозғалды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Ол бойынша жаза мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта алынған процессорлар мен телефондар бойынша "компьютерлік технологияларды зерттеу" сараптамасы тағайындалған. Өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети