Алматыда бір әйел бір жылға жуық уақыт бойы "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша жоқ пәтерлерді сатумен айналысып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер министрлігі алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.
Алматыда бір әйел бір жылға жуық уақыт бойы "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша жоқ пәтерлерді сатумен айналысып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер министрлігі алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.
Алматы облысында полицейлер Талдықорған тұрғынының бір жыл бойы пәтер алаяқтығымен айналысқанын анықтады. 51 дерек әшкереленді.
"Ол өз құрбандарымен әкімдіктерде, басқа мемлекеттік құрылымларда байланысы бар ықпалды адам ретінде танысқан. Ол "Қолжетімді баспана" немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу мәселесін шешіп беруді ұсынады. Құрбандарын жалға алынған пәтерге әкеліп, пәтердің сатылатынына олардың көзін жеткізеді. Сатып алушыдан қаражатты алғаннан кейін ізін жасыратын болған", - деп хабарлады ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Андрей Кучер.
Ол мұның бүгінде алаяқтықтың ең көп тараған түрі екенін айтып, тағы бір мысал келтірді. Ақтөбе облысында Астананың тұрғыны ұсталды, ол сот тыйым салған пәтерлерді сатамын деп алдап, тұрғындардың 45 миллион теңгеден асатын қаржысын қалтасына басқан. Қазір әйел жазасын өтеп жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, осы жылдың 10 айы ішінде республикада алаяқтықтың 30 мыңнан астам дерегі тіркелген. Қылмыстар Астана, Алматы қалалары мен Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында көп жасалды. Жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері - банктен кепілге қойылған мүлікті тиімді бағамен сатып алу мен сату-сатып алу туралы жалған келісімшарт жасау. Алаяқтықтың тағы бір кең тараған түрі - банкке бірлескен бизнес ашамын деген желеумен пәтер немесе үйдің кепілге қойып, несие алу.
Еске сала кетейік, осы жылдың қазан айында Астанада үш адам ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, олар азаматтардың сеніміне кіріп, оларды "мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспана алуға жәрдемдесеміз" деп алдаған. Сөйтіп, аса ірі көлемдегі қаражатқа қол жеткізген.