Талдықорғанда офицерді өлтірді деген күдікпен марқұмның әріптесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдықорғанда офицерді өлтірді деген күдікпен марқұмның әріптесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ұсталған адам Талдықорған қаласының 38 жастағы тұрғыны. Күдікті де марқұм қызмет еткен әскери бөлімшеде әскери қызметкер болып жұмыс істейді екен. Ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
"Тергеу барысында бірнеше болжам ұсынылды, олардың әрқайсы мұқият тексерілді. Көп жұмыс атқарылды. Жәбірленушіге қандай да бір қатысы бар барлық адамнан жауап алынды. Бірқатар тағайындалған сараптаманың нәтижелері алынды, олардың ішінде сот-медициналық, баллистикалық, портреттік және тағы басқалары бар. Нәтижесінде ұсынылған болжамдардың бірі расталды, полиция қызметкерлері адам өлтіруге негізделген күдіктінің жеке басын анықтады. Жәбірленушімен қызметтес болған күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Талдықорған қаласының полиция басшысы Асқар Нұрсапа.
Айта кетейік, кісі өлтіру дерегі былтыр 24 желтоқсанда кешкі уақытта Қаратал ықшамауданында тіркелген. Полицияға ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның басынан оқ тигенін анықтаған. 36 жастағы ер адам Талдықорғанға жақын маңда орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен.
16-калибрлі мылтық (кесілген түрі) Қаратал өзенінің түбінен табылды. Қару тәркіленді және іс материалдарына заттай айғақ ретінде тапсырылды.