Талдықорғанда өгей әке қызын үш жыл бойы азғырып келген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Талдықорғанда 12 жасар қыз өзіне қол жұмсамақ ниеті барын мәлімдеді. Оны өгей әкесі үш жыл бойы азғырып келгені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда 12 жасар қыз өзіне қол жұмсамақ ниеті барын мәлімдеді. Оны өгей әкесі үш жыл бойы азғырып келгені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүйсетаевтың айтуынша, цифрландыру маңызы әсіресе карантин және шектеу шаралары енгізілген кезеңде артты. Сонымен қатар, оларды пайдалануға қатысты қылмыстар саны да артқан.

"Балалар мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды анықтауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мен бірнеше мысал келтірейін. Қарашада, осыдан бір ай бұрын талдықорғандық 12 жасар қызды анықтадық. Ол өгей әкесі тиісетінін жазған. Сейсенбіде ақпарат келді, сенбіде ол өзін өлтіремін деп қорқытты. Жұмыс барысында өгей қызын үш жыл бойы азғырып келген өгей әкені ұстадық", - деді ол.

Тағы бір оқиға биыл ақпанда болған. Telegram қолданушысы 2007 жылы туған кішкентай баламен интимдік тақырыпта хат жазысқан. Алматы қаласының порнографиялық суреттер мен видеолар жіберген 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

"Біздің міндеттеріміздің бірі – ақпараттық кеңістікті бақылау. Жарияланған заңсыз әрекеттер, балаларға зорлық-зомбылық көрсету, суицидтік ойындар, құқық бұзу мен қатыгездікке шақыру, жалған ақпарат тарату туралы ақпаратты анықтау және тексеру үшін Интернетте тұрақты түрде талдау жүргіземіз. Жыл басынан бері порнография, есірткі қылмыстары, онлайн казинолар қызметі, қаржы пирамидалары, басқа да алаяқтық схемалар, қатыгездік немесе суицид культін насихаттау, қару сату және т.б. қоса алғанда 7300 шетелдік интернет-ресурс анықталды. Олардың мәліметі Қазақстан аумағынан кіруге тыйым салу үшін ақпараттық жүйеге енгізілген. Қазіргі уақытта 5 736 ресурс бұғатталған, қалғандары тексеріліп жатыр", - деді Рүстем Дүйсетаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro