Талдықорғанда студенттерді 24 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жетісу облысының тұрғындарын 24 миллион теңгеге алдаған алаяққа қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысының тұрғындарын 24 миллион теңгеге алдаған алаяққа қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында алаяқтықтың бірнеше дерегі бойынша 41 жастағы әйелге қатысты сот процесі басталды.

Қылмыстық іс материалдарында жәбірленуші ретінде 16 адам көрсетілген, олардың негізгі бөлігі 20-23 жас аралығындағы жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері.

"Талдықорған қалалық полициясының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйелді өткен жылдың соңында ұстаған. Оған қатысты "ешқайда кетпеу" және "өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу материалдарына сәйкес, дәлелденген дерек бойынша жәбірленушілерге келтірілген залал 24 миллион теңгеден асты.

Ақшалай немесе тауарлық несиелер микрокредиттік ұйымдар мен екінші деңгейлі банктер арқылы ресімделген", - делінген полиция мәліметінде.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша (Алаяқтық) сараланып отыр.

Сот үкімі шыққан жоқ. Дегенмен, күдіктінің құрбандары қысқа мерзімде дәлелдер жинап, істі Фемида өкілдерінің қарауына жіберген қалалық полиция тергеушісіне алғыс білдірді.

"Осы фактіге қатысты қоғамның наразылығын ескере отырып, қылмыстық істі тергеу облыстық полиция мен қадағалау органының ерекше бақылауында болды. Істі сотқа жібергеннен кейін жәбірленушілер қоғам наразылығына ілінген істі тергеп-тексеруде объективтілік танытқаны үшін тергеуші Надия Нұралиноваға алғысын білдірді", – деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro