26 қыркүйек 2019 | 10:12

Талдықорғанда заңсыз алкоголь сатқандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және Талдықорған қаласы бойынша МКБ қызметкерлері бірлесе отырып қала аумағына тексерулер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

"Тақырыптық тексеру барысында қала орталығында орналасқан сауда үйі қоймасының бірінен алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау және ілеспе жүкқұжаттарсыз айналымы өткізу түрінде жасалған бұзушылық фактісі анықталды, алкоголь өнімі 118 дана, жалпы соммасы 233 500 теңгені құрайтын, оның ішінде: құрамында спирт бар өнімнің 90 дана беслитрлік ыдысы, 0,5 литр - 22 дана және 1 литр - 6 дана, сондай-ақ 3360 дана 840 000 теңге сомасына акциздік маркаларсыз темекі өнімдерінің партиясы анықталды", - делінген хабарламада. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде және аталған факті бойынша материалдар тиісті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети