Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, мәйітін ауласына жасырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, мәйітін ауласына жасырған Иллюстрациялық фото: nikopol-tv.net

Талдықорғанда аула ішіндегі жертөледен 42 жастағы әйелдің денесі табылды. Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның күйеуі және тағы бір адам ұсталған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда аула ішіндегі жертөледен 42 жастағы әйелдің денесі табылды. Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның күйеуі және тағы бір адам ұсталған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бейнежазбада күдікті барлық айғақ зат пен мүрденің қайда жатқанын көрсетіп жүр. Қанды оқиға Талдықорғандағы жалға берілген жер үйлердің бірінде болыпты. Ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс жанжалға ұласып, көзіне қан толған отағасы әйеліне пышақ сұққан. Марқұм оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Ал ашуға мінген күйеуі қылмысын жасыруға бел байлайды. Тіпті, сол үшін көмекке досын шақырған. Кейін танысы екеуі мәйітті ауладағы жертөлеге түсіріп, сонда жасырған.

"Аталған дерек бойынша Талдықорған қалалық ПБ мен ҚР қылмыстық процестік кодексінің 99-бабы, 1-бөлімімен сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Талдықорған қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети