Талғар әкімдігіне қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар әкімдігіне қатысты тергеу басталды © www.e-talgar.com

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Алматы облысы бойынша Департаменті "Алматы облысы Талғар қаласы Әкімдігінің аппараты" ММ-не қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, әкімдіктің іс-әрекетінде Талғар қаласынан қаттық тұрмыстық қалдықтарды шығаруда әкімдік пен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындар арасында өзара міндеттеме қабылдау туралы келісім шарт жасалып, бәсекелестікті бұзу белгілері байқалған.

"Осындай әрекеттермен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару нарығында бәсекелестік шектеліп, нарықтан басқа да потенциалдық қызмет көрсетушілер шеттетіліп, ал тұтынушылар қызмет көрсетушіні таңдау еркіндігінен айырылған", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети