Талғарда ер адамды жабылып ұрып, ұрлап кеткендер видеоға түсіп қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Талғарда ер адамды жабылып ұрып, ұрлап кеткендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талғарда ер адамды жабылып ұрып, ұрлап кеткендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-дағы kris_p_talgar паблигінде жарияланған видеода бір топ адам тұрғынды ұрып-соққаны және көлік салонына салып әкеткені түсірілген. 

Видео сипаттамасында соққыға жығылған ер адам ережесіз жекпе-жек шебері әрі бапкер Арман Әлімов екені жазылған.

"Туыстарының айтуынша, Пром-Комбинат ауданындағы "Виктория" минимаркеті алдында соққыға жығылған, кейін ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы "канал" артына жеткізілген, мұнда тағы соққыға жығылған. Кейін Талғар аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған, туыстары қысым болмауы үшін оны Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізген. Әлімов шабуылға себеп болмады деп есептейді", - делінген видео сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиға 17 маусымда сағат шамамен 19.00-де болғанын хабарлады.

"Соққыға жығылған соң 37 жастағы азамат Талғар аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша Талғар АІІБ СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro