Талғарда тұрғынды көлікпен қаққан жүргізуші қашып кеткен

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы облысы Талғар қаласында жүргізуші 18 жастағы жігітті қағып кеткен. Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Талғар қаласында жүргізуші 18 жастағы жігітті қағып кеткен. Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Талғардағы Менделеев көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен сәт түсіп қалған видео таралып жатыр

"Марқұм жарықсыз көшенің жиегімен жүрген. Кінәлі оқиға орнынан қашып кеткен. Оның жанында тағы екі жолаушы болды. Сынған алдыңғы әйнекті Қарасай батыр көшесіндегі көппәтерлі үйлердің ауласына тастап кеткен. Видео иесінің айтуынша, оның тіркеушісінде уақыт 2 сағат 20 минутқа артта қалған, демек, дәл уақыт 20.34 деп санайды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы 25 қазанда сағат 20.30-да Талғарда болғанын хабарлады. Тергеуде белгісіз жүргізуші Менделеев көшесінің бойымен батыс бағытта жүріп келе жатып, жол жиегіндегі 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені айтылды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша Талғар аудандық полициясында Қазақстан ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы - "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" және "ЖКО орнынан кету" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір апатты толық анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттері, сондай-ақ жүргізуші мен көліктің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қазақстан ҚК-нің "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" 347-бабына сәйкес айыпты адамға бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, екі жылға дейінгі бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.2  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro