Таразда асханада атыс болды: Күзетші келушілерге оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда асханада атыс болды: Күзетші келушілерге оқ атқан © ktk.kz кадры

Полицейлер Тараздағы асханалардың бірінде болған атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Тараздағы асханалардың бірінде болған атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылы 16 наурызда 20:50-де қалалық ІІБ-ге кафелердің бірінде келушілер тәртіпсіздікке барып, жанжал шығарғаны туралы хабар түскен. 

"Оқиға орнына келген патрульдік экипаж есеп айырысқысы келмеген кафе келушілері мен күзет агенттігінің қызметкерлері арасында төбелес болғанын анықтаған. Оқиға барысында күзетшілердің бірі кафе қонақтарының аяғына оқ атқан. Төбелес салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді", - деді құқық қорғау органдары қызметкерлері. 

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Төбелеске қатысқан адамдардың берген жауаптарын ескере отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабының 2-бөлігі ("Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы") бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін куәгерлер есеп айырысу кезінде 3 000 мың теңге жетпей қалғандықтан асханаға келушілер мен күзет арасында жанжалдың шыққанын айтқан еді. Айтуларынша, олар бастапқыда жанжалдасып, кейіннен біреуі қару шығарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети