Таразда атыс шығарған адамға қатысты төрт бап бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таразда атыс шығарған адамға қатысты төрт бап бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған қылмыстарға қатысы бар 1992 дүниеге келген А. есімді Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. "Екі немесе одан да көп адамның өлiмi", "заңсыз иемдену", "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деді полиция қызметкерлері.
Еске салайық, осыған дейін Таразда тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарының эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Оқиға Тараз қаласындағы 6-ықшамуданындағы 18-ші үйде болған.