Таразда екі адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда екі адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын ол сотталмаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қайғылы оқиғалар болған жалдамалы тұрғын үйдің иесі жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға көршілерден бұл пәтерге қатысты шағым түскен жоқ", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйел өлі табылған болатын.

Олардың бірі Алматының тұрғыны, екіншісі тараздық екені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети