27 наурыз 2017 09:42

Таразда есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© omsk.media © omsk.media

Таразда есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Таразда есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Тараз қаласының прокуратурасы қалада бірнеше жыл бойы есірткі саудасымен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. 18 наурызда күдіктілердің үйін тінту кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардан 2,5 келіден аса героин мен 2,5 миллион теңге тәркіленді.

Күдіктілердің барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық істі сотқа дейін тергеу жұмыстары облыстық ІІД тергеу басқармасындағыларға тапсырылды.

"Құқық қорғау органдарындағылар ұйымдасқан қылмыс түрлерімен барынша күресуі керек. Жастар қылмысқа осындай топтар арқылы тартылады", - деді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети