15 қараша 2019 | 11:12

Таразда граффити-жазбалар арқылы есірткі жарнамалағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда граффити-жазуларының авторы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда граффити-жазуларының авторы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, биыл 12 қарашада "Рефлекс-2019" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ПБ ЖПҚ қызметкерлері бірлесіп синтетикалық есірткі құралдарын тарататын азаматтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында үй қабырғаларына тыйым салынған граффити-жазуларды жазған 30 жастағы тараздық тұрғын ұсталды.

"Күдікті кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні тарататын өзге де тұлғаларды анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, үйлердің қабырғалары мен қоршаулардың сыртынан есірткінің таралуына қатысты код сөздері бар 800-ге жуық граффити-жазу өшірілді", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Сондай-ақ, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттардың бұғатталғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети