Жамбыл облысының прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев Таразда ІІД-нің ішімдікке сылқия тойған жоғары лауазымды қызметкерлерінің қанды оқиғасы жайлы жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысының прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев Таразда ІІД-нің ішімдікке сылқия тойған жоғары лауазымды қызметкерлерінің қанды оқиғасы жайлы жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да №1 қалалық ауруханаға кеуде қуысына пышақ жарақатын алған Байзақ аудандық ХҚКО бөлім басшысы Жетпісбаев Марсель Жетпісбайұлы түсті. 1972 жылғы ер адам "диафрагманың сол жақта торокоабдеменалдық үшкір қарудан болған жарасы және бауырдың сол жақ бөлігі жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Алдын ала М.Жетпісбаевқа Жамбыл облыстық ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы М.Үмбетәлиев Тараздың Рысқұлов пен Төле би көшелерінің қиылысында орналасқан "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында пышақ салғаны анықталды", - деді Айдос Майлыбаев.
Оның мәліметінше, Жамбыл облыстық ІІД-нің Криминалдық полиция басқарма басшысы Е.Бектұрғанов та пышақ жарақатын алған, жоғары лауазымды полицей Жамбыл облыстық ОАБ-ға медициналық көмекке жүгінген. Алайда ауруханаға жатудан бас тартыпты.
"Оқиға "Арай-Плаза" мейрамханасының бейнебақылау камерасына жазылды. Бұл дерек Тараз қалалық ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Кейін облыстық прокуратура қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1-пунктіне алмастырды. Осы қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті М.Үмбетәлиевтің қайда екені анықталмады, оны ұстау үшін шаралар жалғасып жатыр", - деді прокурор.
Еске салайық, осыған дейін Таразда ІІД-нің ішімдікке сылқия тойған жоғары лауазымды қызметкерінің әріптестерін пышақтағаны туралы хабар түскен еді. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың мәліметінше, Жамбыл облыстық ІІД басшылығын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.