20 қаңтар 2016 | 10:56

Таразда киллер егде жастағы әйелді аяушылықтан өлтірмепті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Таразда киллер егде жастағы әйелді аяушылықтан өлтірмепті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда киллер егде жастағы әйелді аяушылықтан өлтірмепті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Тараздың ІІБ қызметкерлері жаңажылдық мерекелер қарсаңында 54 жастағы әйелді 88 жастағы зейнеткерді тапсырыспен өлтірмек болды деген күдікпен ұстады.

"Бұл жолғы нысаны облыс орталығындағы үйлердің біріндегі пәтер болыпты, бұл пәтерді тапсырыс беруші өз атына жаздырғысы келген. Оның және пәтердің егде жастағы иесінің арасындағы баспана дауы сотта қаралған. Соттың қаулысы зейнеткерддің пайдасына шешілді. Осыдан кейін ол егде жастағы әйелден құтылғысы келеді. Тапсырыспен кісі өлтіру жолын таңдап, осыған дейін сотты болған киллерді тауып алады", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.  

Алайда тапсырыс берушінің ойы жүзеге аспайды. Тапсырысты орындаушы егде жастағы әжейді аяп, дайындалған қылмысы жайлы айтып берген.

"Кісі өлтіру қылмысының алдын алу мақсатында олар полицияға хабар түсірді, пәтер үшін қылмысқа бармақ болған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу кезінде криминалдық полицияның қызметкерлері тапсырыс берушіні қылмыс үстінде ұстау үшін пәтер иесінің өліп жатқан бейнесін қолдан жасайтын жедел жоспар құрады", - деп хабарлады полициядағылар.

Тапсырыс беруші киллерге ақша беру үстінде ұсталып, Тараздағы уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети