Жамбыл облысында ірі көлемде марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында ірі көлемде марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2018 жылдың 21 қаңтарында сағат 18.30-да Жамбыл облысының ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаментінің, ШҚО ІІД Есірткі бизнесімен күрес департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Тараз қаласы Желтоқсан көшесі бойынша Opel маркалы көліктің 48 жастағы жүргізушісі ұсталды. Оның жүксалғышынан ішінде жалпы көлемі 58 келіден асатын кептірілген марихуана бар қытайлық екі сөмке тәркіленді",- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.
ІІД мәліметінше, ұсталған ер адам осыған дейін сотты болмаған, үйленген, екі баласы бар.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта Тараз қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") қылмыстық іс қозғалды.