21 сәуір 2017 19:17

Таразда мектеп ауласына ойнауға келген баланы мұғалім ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздың №37 орта мектебінің технология пәнінен беретін мұғалімі Болат Сасықбаев оқу мекемесінің ауласына ойнауға келген баланы ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тараз қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 2016 жылдың 10 қазанында болған.

Соттың мәліметінше, ер адам немере қарындасымен және достарымен мектеп ауласында жүрген баланы көріп, оларды былапыт сөзбен қуа бастаған. "Балалар шошып қалып, үйіне қарай жүгірген. Алайда Сасықбаев кәмелетке толмаған баланы көлігімен қуып жетіп, оған соққы жасап, жерге құлатқан, сосын арқасына соққы жасаған", - деп хабарлады соттағылар. Осыдан кейін баланың шешесі полицияға хабар берген. Сараптамадан баланың денсаулығына жеңіл жарақат салғаны анықталған. Оның иығы мен тізесі жараланған.

Мұғалімге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша іс қозғалған. 2017 жылдың 17 сәуірінде сот тыңдауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеуге келіскен. Әйел адам айыптаудан бас тартқандықтан, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. 

Тараздың №2 қалалық сотының шешімі бойынша, іс жеке айыптаудың жоқтығына байланысты және тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты іс тоқтатылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети