Таразда пышақтасқан полицейлер оқиғасы: жәбірленушілерге қатысты іс қозғалды

09 Қараша 2017, 18:10
0
Таразда пышақтасқан полицейлер оқиғасы: жәбірленушілерге қатысты іс қозғалды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасы криминалды полиция басқармасының басшысы Ерлан Бектұрғановқа және экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мұра Үмбеталиев пышақ салған аудандық ХҚКО басшысы М. Жетпісбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіндегілер Интернетте тараған видеоға байланысты, яғни осы адамдарға қатысты ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ деген сөзге жауап берді. 

"Соңғы кездері,  "WhatsАpp" мессенджері арқылы Тараздағы пышақтасу видеосы кеңінен таралып жатыр. Онда осы оқиғаның кейіпкерлері Бектұрғанов пен Жетпісбаевқа қатысты ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ дегенді айтады. Осы жерде барлығының да анық қанығын түсіндіргім келеді. 19 қазанда Үмбеталиевке қатысты қылмыстық істің ҚР Бас пркуратурасының ведомствоаралық тобының жедел тергеу шаралары аяқталды", - делінген хабарламада.  

27 қазанда іс материалдары Жамбыл облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, қазіргі уақытта қарастырылып жатыр. 

"Қалған екеуіне қатысты - Бектұрғанов пен Жетпісбаев ісі 18 қазанда тергеу тобының басшысы негізгі қылмыстық істен бөлек облыстық ІІД тергеу басқармасына жіберілді. Соның нәтижесінде, 19 қазанда осы екі адамға қатысты "Бұзақылық жасау" (екеуіне де қатысты) және "Қылмыс туралы хабарламау" (тек бектұрғановқа қатысты) баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысын облыстық прокуратура жіті бақылауда", - делінген хабарламада. 


Роликте үш ер адамның өзара жанжалдасқаны, кейін біреуінің қалған екеуге пышақ сермегені бейнеленген. 

Еске салайық, оқиға 2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында болған. Кейін оқиғаның мән-жайын Жамбыл облысының прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев айтып берген еді. Оның мәліметінше, бұл видеода Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшылары М.И.Үмбетәлиев пен Е.О.Бектұрғанов және Байзақ аудандық ХҚКО бөлім басшысы М.Жетпісбаев бейнеленген. Үмбетәлиев Жетпісбаевқа пышақ салған, кейін Бектұрғановты да жарақаттаған. Жетпісбаев "диафрагманың сол жақта торокоабдеменалдық үшкір қарудан болған жарасы және бауырдың сол жақ бөлігі жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Ал Бектұрғанов ауруханаға жатудан бас тартқан. 

Бұл дерек Тараз қалалық ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Кейін облыстық прокуратура қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1-пунктіне алмастырды. Осы қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті М.Үмбетәлиевтің қайда екені анықталмады, оны ұстау үшін шаралар жалғасып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай