Таразда қоныс колониясынан қашып кеткен сотталушыларға қатысты мән-жай айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда қоныс колониясынан қашып кеткен сотталушыларға қатысты мән-жай айтылды

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер Таразда қоныс колониясынан қашып кеткен сотталушыларға қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер Таразда қоныс колониясынан қашып кеткен сотталушыларға қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір БАҚ-тарда Тараздағы қоныс колониясынан сотталған алты адамның қашып кеткені туралы хабар жарияланды. Бұл мәліметтерге нақты түсіндірме болуы керек. Қылмыстық-атқару заңнамасы аясында қоныс колониясында жаза өтеу тәртібі жабық мекемелерден айтарлықтай ерекше. Қоныс колониясында жаза өтеп жатқандар күндізгі уақытта елді мекендегі түрлі нысандарда жұмыс істеуге құқылы, олар жаза өтеп жатқан колонияға түнеуге ғана келіп жүруі мүмкін. Сонымен қатар, олардың елді мекеннің территориясында орналасқан сауда, білім беру орындарына, медициналық мекемелерге колония қызметкерлерінің қарауынсыз баруға құқы бар", - делінген таралған хабарламада. 

Мұндай сотталушыларға жыл сайынғы еңбек демалысы да беріледі екен, олар бұл кезде елдің кез келген аймағына да бара алады. 

"БАҚ-тарда жарияланған мәліметте көрсетілгендей бұл сотталушылар шын мәнінде колонияда жаза өтеген, олар ұрлық, алаяқтық және бұзақылық әрекет жасағаны үшін сотталған. Алайда олар еркін жүріп-тұру түріндегі заңды құқығын қолданып, 2016 жылдың қыркүйегінен бері түрлі уақытта жұмыс нысанына бармай, жасырынған", - деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер.  

Сондай-ақ, сотталушылардың бірі 2017 жылдың наурызында қоныс колониясына оралуы тиіс болған, алайда келмеген. Әрбір дерек бойынша іздестіру істері қозғалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілген. Олар табылғаннан кейін лайықты жазасын алады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети