Таразда шенеунік қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда шенеунік қамауға алынды © grifoninfo.ru

Тараздағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысының пара алу дерегін анықтады.

Ол жүзу бассейнін пайдалану үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін жеке компания өкілінен делдал арқылы 100 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. 

"Күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен соңғы үкім сот арқылы шығарылады", - делінген агенттік хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети