16 тамыз 2017 12:19

Таразда шенеуніктің қабылдауына келіп, артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамға қатысты іс тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fotodomiks.ru © fotodomiks.ru

Полиция өңірлік Еңбек инспекциясы басқармасындағы шенеунікке шағымын айтып, артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған Жамбыл облысы тұрғынына қатысты деректі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция өңірлік Еңбек инспекциясы басқармасындағы шенеунікке шағымын айтып, артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған Жамбыл облысы тұрғынына қатысты деректі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 14 тамызда болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам Жамбыл облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасына мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне шағымдану үшін келген.

"Оның шағымын ешкім тыңдаған жоқ, нәтижесінде ол 6-қабаттағы кабинеттің терезесінен секіріп кетпек болды", - дейді куәгер. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, ер адам жекеменшік компанияда күзетші болып жұмыс істейді.

Жамбыл облыстық ІІД бұл деректі растады. Бұл жағдай жайлы хабарлама полицияға 2017 жылдың 14 тамызында шамамен сағат 15.00-де келді. 

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") тергеліп жатыр", - деді полициядағылар.

1984 жылғы ер адамды бұл әрекетінен еңбек басқармасының қызметкерлері құтқарып қалғаны айтылады. Кейінірек ол полицияға жеткізіліп, ІІД қызметкерлері одан жауап алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети